Үш өңірде жол жабылды
Үш өңірде жол жабылды
140
оқылды

Ауа райының қолайсыздығынан Шығыс Қазақстан, Ақтөбе мен Ақмола облыстарында көлік қозғалысы шектеліп, жол жабылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-каналында жарияланған мәлімет бойынша, бүгін сағат 08:20-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты респбуликалық маңыздағы жолда шектеу енгізілді. Нақты айтсақ, Алматы-Өскемен бағытындағы жолдың 971-1048 шақырым аралығында, яғни Ұлан және Қалбатау ауылдарының арасында жолдың көрінбеуіне байланысты барлық көлік қозғалысы шектелді.

«Ақмола облысының Нұр-Cұлтан – Петропавл бағытындағы жолдың 18-231 шақырым аралығында, «ҚазАвтоЖол»ҰК-ның ақылы жол дирекциясына жататын Нұр-Сұлтан – Щучинск бөлігінде сағат 09:10-ден бастап барлық көліктің жүруіне шектеу қойылды»,– деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында да бұрқасын күшейіп, жолдың көрінбеуіне байланысты «Ақтөбе – Атырау –Астрахан» автожолында Қандыағаш – Қарауылкелді учаскесінің 97-250 шақырым аралығында көліктің жүруіне тыйым салынды.