Қала маңына қатынайтын барлық автобус тоқтады
Қала маңына қатынайтын барлық автобус тоқтады
5,167
оқылды

Нұр-Сұлтанда жолдың көктайғақ болуына байланысты қала маңына қатынайтын барлық маршруттың қозғалысы тоқтатылды. Бұл жайында CTS парақшасына сілтеме жасап.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) қала маңындағы барлық бағыт бойынша қозғалыс тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты қала ішінде жүретін автобустар қозғалысын барынша баяулатты. Сондықтан автобустар кестеден артта қалуы мүмкін. Компания өкілдері тұрғындардан түсіністік танытуды сұрайды.