Қазақстанда 22 наурызда ауа райы қандай болады?
Қазақстанда 22 наурызда ауа райы қандай болады?
209
оқылды
"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Кей жерлерде жаңбыр, қар жауады, солтүстікте, орталықта және шығыста бұрқасын соғады", – деп болжады синоптиктер. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-23 метр болады, ал Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай болуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде кей жерде көктайғақ болады. Алматыда ауа температурасы 11 градусқа дейін жылынады, бірақ бұлтты болады. Нұр-Сұлтанда да ауа райы бұлтты, -2 градус аяз болады.