ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаларды тергеу жөніндегі ведомствоаралық жедел-тергеу тобының жұмысы туралы баяндады.
"Мемлекет басшысы Бас прокурорға тергеудің объективтілігі мен толықтығын, барлық қабылданған шешімдердің заңдылығын және кінәлі адамдардың жазасының бұлтартпастығын қамтамасыз етуді тапсырды", - деп хабарлады "Ақорда".
Бұған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы адам өліміне, тұрғын үйлер мен азаматтардың мүліктерінің бұзылуына әкеп соққан оқиғаларға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке бірнеше адамды қызметінен босатуды тапсырды.
Айта кетейік, біз Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылдардағы қақтығыстан кейінгі жағдайды түгел баяндап отырмыз.