Алматыда 19 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
Алматыда 19 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
242
оқылды
Алматыда 19 жастағы қыз жоғалды, – деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Оның толық аты-жөні – Аяжан Ерланқызы Еділова. Туған жылы – 6 тамыз 2001 жыл. Бойжеткен 2021 жылы 19 наурызда сағат 20.48-де жұмыстан шығып (Қонаев көшесі, 43 мекенжайы), одан кейін үйіне оралмаған. Ол қара күрте, кең қара джинсы, қара берет киген, өзімен бірге қызғылт сөмкесі болған. Жоғалған қыздың туыстары тұрғындардан әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісуді сұрайды. Қандай да бір ақпарат белгілі болса 8 (747) 144 41 10 (Алтынай) нөміріне хабарласуға болады.