Оскар-2020: Жылдың үздіктері
Оскар-2020: Жылдың үздіктері
455
оқылды
92-рет өтіп жатқан "Оскар-2020" жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Кинематография майталмандарының бір жылдық еңбегі қорытындылап, Долби кинотеатрына әлемнің таңдаулы актерлары америкалық киноакадемияның жыл сайынғы марапаттау рәсіміне қатысты.  width= Жұртшылық «Джокер» мен «Ford Ferrari-ге қарсы» туындысы осы жылдың үздігі болуға лайық деп болжады. Одан өзгелері «Ирландық», «1917», «Кішкентай әйелдер» сынды фильмдері жеңімпаз орнынан көрінеді деп үміттенді. Бірақ  "Ең үздік фильм" номинациясын "Паразиты" фильмі жеңіп алды.     width= Алайда «Паразиттер» жеңіс тұғырына жетіп қана қоймай, «Оскардың» «үздік фильм» және «үздік шетелдік фильм» номинациясын бірдей алған тарихтағы алғашқы туынды. Көркем шығарма бұған дейін Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын», «Алтын глобус» және АҚШ кино сыншылары ассоциациясының сыйлықтарын жеңіп алған.  width= Ал аталған картинаның режиссері Пон Чжун Хо жылдың ең үздік режиссері атанды. Ең қызығы, ол осы жолғы Оскарда қайталанбас сценарий үшін екінші жүлдеге ие болған. Қуанышын жасырмастан, "бүгін ішетін күн" деп сөз соңында мойындаған болатын.  width= Шетелде танымал болған оңтүстіккореялық режиссер бір жылда төрт Оскардың лауреаты атанған.  Бұл Уолт Диснейден кейінгі сыйлық тарихындағы екінші оқиға.  Ол марапаттың бәрі - 2003 жылы «Кісі өлтіру туралы естеліктер» фильміне берілген еді.   width= Жылдың ең үздік актері атағы "Джокер" фильмінде басты рөлді сомдаған Хоакин Феникске бұйырса, ең үздік актриса атағын "Джуди" картинасындағы рөлі үшін Рене Зеллвегер алды.  width= Алғашқы болып "Оскар-2020" жүлдесін екінші пландағы үздік ер адам рөлі үшін Бред Питттің иленді. Бұл оның екінші "Оскары". Біріншісін, 2014 жылы "Құлдықта өткен 12 жыл" фильмі продюсерлерінің бірі ретінде алған.  width= Актер өз сыйлығын "Бірде... Голливудте" фильмінде сериалдар жұлдызының көмекшісі рөлін сомдағаны үшін алған. Ал екінші пландағы үздік актриса - Лора Дерн («Неке хикаясы»)  width=  Сахна төріне шыққан америкалық актриса Джейн Фонда жылдың ең үздік фильмін атады. Зал "Оскардың" екі дүркін жеңімпазын орнынан тұрып қарсы алған.  width= "Үздік қысқаметражды фильм" номинациясында "Қарсы қапталдағы терезе" картинасы жүлдеге ие болды. Ал "үздік анимациялық фильм" сыйлығын "Ойыншықтар хикаясы 4" мультфильмі жеңіп алды. Forbes мәліметінше, кино саласындағы басты марапаттау рәсімін ұйымдастыруға биыл қырық төрт миллион доллар (16 667 477 200 теңге) жұмсалған. Биылғы жылы "Оскар" 24 номинация бойынша табыс етілді.