Желіде қызметтік формадағы адам сотталғандарды ұратын бейнежазба пайда болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі.
Таратылатын бейнежазбаның сипаттамасында ҚР ҚК-нің 124-бабы (жас балаларды азғыру), ҚР ҚК-нің 234-бабы (экономикалық контрабанда) және ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын басқаруға жіберу) бойынша сотталған үш тұтқын зардап шеккені айтылады.
–Қазір Маңғыстау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасарына қатысты ҚК 362-бабы 1-бөлігі (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Маңғыстау облысы ҚАЖД баспасөз қызметі.