Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, – деп хабарлады Ведомствоаралық комиссия Telegram-дағы каналында.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанға «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасының қосымша 4 млн дозасын жеткізу туралы келісімге келді. Кездесу барысында COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.
«Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш-жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет», – деп атап өтті Асқар Мамин.