Кино шымылдығы «Құнанбаймен» ашылды
Кино шымылдығы «Құнанбаймен» ашылды
529
оқылды
Әбу-Дабидегі «Манарат аль Саадият» мәдени орталығында Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанатында режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі көрсетілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында ұйымдастырылған мәдени іс-шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.  Сондай-ақ «Қазақ биі» деректі фильмі де көрсетілді. Бұл туындының режиссерлері – Анвара Садықова және Ғазиз Насыров. Деректі фильмде жас балерина, А.Селезнев атындағы Алматы хореография  училищесінің студенті, халықаралық байқаудың лауреаты Жанель Ұланованың өнері арқылы қазақ биінің тарихы баян­да­лады. Ал бүгін режиссер Рүстем Әбдірашев­тің «Қазақ хандығы» тарихи кинодиологиясының екі бірдей маусымы – «Алмас қылыш» және «Алтын тақ»  фильмдері ұсынылады. Бұл туындылардың сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трило­гиясының «Алмас қылыш» атты бірінші романының негізінде  жа­зылған. «Қазақ хандығы» ауқымды тарихи жобаның идея авторы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Назарбаев. Қазақстан киносы аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» және режиссер Джефф Веспаның «Әміре» фильмдері көрсетіледі.   Г. ТҰРҒАНБАЙ