Сарбаздар Нұр-Сұлтан мен қала іргесіндегі елдімекендерде боранда жолда қалған азаматтарға көмектесті.
Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің сұрауы бойынша наурыздың 23-інен 24-іне қараған түні 5573 әскери бөлімінің 52 сарбазы Нұр-Сұлтан – Аршалы, Нұр-Сұлтан – Қоянды тасжолында боранда далада қалған жолаушыларды аман-есен алып шықты.