Алып кеме Суэцк каналын бөгеп тастады
Алып кеме Суэцк каналын бөгеп тастады
136
оқылды
Суэцк каналында алып жүк кемесі таяз жерге тұрып қалып, әлемдегі ең үлкен сауда маршрутының жолын бөгеп тастады. Ever Green атты ірі контейнер тасымалдаушы кеме Суэцк каналының таяз аумағында тұрып қалып, каналды түгел бөгеп тастаған. Кеме Қытайдан Роттердамға қарай жүзіп бара жатқан.  Алдын-ала болжам бойынша, кеменің өз бағытынан ауытқуы ауа райының қолайсыздығы немесе электр қуатының ақауынан болған. Салдарынан Суэцк каналы аумағындағы Қызыл және Жерорта теңізінде 100-ден аса түрлі кеменің кептелісі туындады.