25 наурызға арналған ауа райы болжамы
25 наурызға арналған ауа райы болжамы
206
оқылды

«Қазгидрометтің» болжамынша, батыста жаңбыр мен қар жауады. Өңірлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстік-батыс, орталықта жаяу бұрқасын соғады.

Қызылорда, Маңғыстау облысында тұман, найзағай, 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел болады. Атырау облысының басым бөлігінде түнде желдің екпіні 23 м/с, күндіз 15-20 м/с-қа күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Ақмола, Павлодар облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысында тұман, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Алматы облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа артады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз – көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түркістан облысында желдің екпіні күндіз 25 м/с артуы ықтимал, найзағай күтіледі.