Антициклондардың әсерінен алдағы екі-үш күнде ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Себебі, Жерорта теңізі мен Солтүстік-батыстан келетін циклондар әсер етеді.
Екі циклонның әсерінен өңірлерде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде қатты көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ, оңтүстіктің кейбір аудандарында күн жылынуы мүмкін.