Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қайтыс болды
Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қайтыс болды
117
оқылды
Оқиға «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» тасжолында болған. «Лада-Приора» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына бара жатып, алдыңғы көліктен озған кезде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Сөйтіп Ізімбет ауылы маңында қарсы бағытта келе жатқан «Лада-Приора» автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Олар бір отбасының адамдары. Сонымен қатар басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Онда 51 жастағы жолаушы есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.