Түркия мен Украинадан келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды
Түркия мен Украинадан келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды
123
оқылды
24 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив, Корея Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Монғолия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 176 жолаушы келді. Олардың ішінде 5 133 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 43 Қазақстан азаматында тиісті құжат болмаған.
  • Алматы әуежайына – 22 рейс (2 813 жолаушы, анықтамамен - 2 781, анықтамасыз – 32);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 7 рейс (727 жолаушы, анықтамамен - 716; анықтамасыз – 11);
  • Шымкент әуежайына – 9 рейс (барлық 1 115 жолаушы анықтамамен келген);
  • Ақтау әуежайына – 3 рейс (барлық 471 жолаушы анықтамамен келген);
  • Орал әуежайына – 1 рейс (барлық 50 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде. Сондай-ақ, 23 наурызда шет елден анықтамасыз келген 32 Қазақстан азаматының екеуінен коронавирус анықталды: бір жолаушы Ыстамбұлдан Алматыға, бір жолаушы Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген.