Алматылықтарға сауда үйлері мен базарларда вакцина салынады
Алматылықтарға сауда үйлері мен базарларда вакцина салынады
113
оқылды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі Лаура Мырзағали қалада үлкен сауда үйлері мен базарларда екпе кабинеттері ашылатынын хабарлады.
"Алматы қаласы бойынша коронавируспен күрес аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 20-24 наурыз аралығында жағдайды бақылауда ұстау үшін Денсаулық сақтау басқармасында штаб құрылды. Штаб коронавирус жұқтырған науқастардың дер кезінде ем алуы және қалалық ауруханалар мен стационарлар дұрыс жұмыс істеуін бақылайды. Қазір қалада жағдай жаман емес. Алматы қаласы әкімдігімен бірге қабылданған жоспар іске асырылып жатыр", - деді Алматы қаласы телемедицина орталығының директоры Лаура Мырзағали.
Оның айтуынша, ақпанда қалаға вакцинаның 1 750 дозасы жеткізілді. Наурызда 10 800 доза вакцина жеткізілді, қосымша 16 200 доза жеткізіледі. Маманның айтуынша, вакцинациялау жақсы өтті. Өлім-жітім тіркелген жоқ.