Алматыда ауыр қылмыс жасаған ерлі-зайыптылар 10 жылға сотталды
Алматыда ауыр қылмыс жасаған ерлі-зайыптылар 10 жылға сотталды
5,169
оқылды
Алматыда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыптылар сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
– Сотқа дейінгі тергеу кезінде ерлі-зайыптылардың психотроптық заттарды заңсыз сатқаны анықталды. Олардың қылмыстық әрекеттері бірқатар жедел және арнайы шаралар кезінде расталды. Олардың тұрғылықты жерінен ұнтақ заты бар қағаздар мен полиэтилен пакеттері, сондай-ақ есірткіні кейіннен сату үшін орауға арналған құралдар табылды және тәркіленді, – деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.
Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және олардың аналогтарына жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталушылардың тұрғылықты жерінен тінту кезінде алынған психотроптық зат-пирролидиновалерофенон екені анықталды.
– Қылмыстық істің материалдарынан күдіктілер өздерінің қылмыстық әрекеттерін үйде жасағаны, олардың кәмелетке толмаған екі баласы бар екені анықталды. Балалар өздеріне қатысы жоқ жағдайларға байланысты ата-аналарының заңсыз әрекеттерін көруге мәжбүр болды, бұл олардың психикасының қалыптасуына кері әсер етті. Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Сот үкімімен ерлі-зайыптылар кінәлі деп танылып, әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп түйіндеді Салаев.