Алматыда бургер сататын дүңгіршек өртенді
Алматыда бургер сататын дүңгіршек өртенді
170
оқылды
Алматыда бургер сататын дүңгіршек өртенді, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті. Өрт «Атакент» аумағында сағат 16:13 минутта тіркелген. Құтқарушылар оқиға орнына 3 минутта жетті.
«Өрт сөндіру қызметі «Салам Бро» дүңгіршегінің картоп қуыратын қондырғысы, қабырға қаптамасы мен төбесінің жанғанын анықтады. Дүңгіршек жылдам құралатын материалдан салынғандықтан, маңындағы нысандарға қауіп төндірді. Өрт 15 минут ішінде оқшауланды», - делінген хабарламада.
Өрт жалпы аумағы 20 шаршы метрді шарпыды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.