Павлодар облысында ер адам көшеде шешінген
Павлодар облысында ер адам көшеде шешінген
120
оқылды
Павлодар облысында ер адам көшеде шешінген. Оқиға 23 наурыз күні болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.  23 наурыз күні сағат 16:00-де полицияға көшеде шешініп жатқан ер адам туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел аттанды. Полицейлер өңір тұрғынының Наурыз мерекесін тойлап, мас болып қалғанын анықтады. Ер адам ішімдіктің буымен өз үйінде душқа түсіп жатырмын деп ойлап, үстіндегі киімдерін шеше бастаған екен. Ер адам айықтырғыш орнына жеткізілді. Дәл сол күні Павлодар облысында тағы да бір келеңсіз жағдай орын алған. Түнгі екі шамасында тұрғындар тәртіп сақшыларына екі жігіттің подъезде дәрет сындырып тұрғанын айтып, хабар берген. Бұл жолы да жас жігіттердің мас болып, үйдің кіреберісін дәретхана деп ойлап қалғаны анықталған. Тәртіп бұзғандарға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша (кіші бұзақылық) әкімшілік іс қозғалған. Іс материалдары сотқа жолданды.