Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әшкереленді
Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әшкереленді
© ҰҚК баспасөз қызметі
462
оқылды

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы ішкереледі.

Сонымен, 2020 жылғы 4 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткіні құпия орынға қалдыру сәтінде есірткі зертханасын ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар Алматы қаласының «А» деген тұрғыны ұсталды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде шамамен 5 кг синтетикалық есірткі, 1 кг және 260 литрге жуық химиялық қоспа табылып алынды, олар сот-химиялық сараптамаға жолданды.

Жүйкеге әсер ететін дайын өнім Интернет-ресурстар арқылы және байланыссыз тәсілмен құпия орынға салу жолымен таратылғаны анықталды.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Соңғы уақытта Алматы қаласына синтетикалық негіздегі есірткіні жасырын дайындау және «қара нарыққа» жеткізу фактілерінің ұлғаюы байқалатынын атап өту қажет. Сонымен, 2019 жылы ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымының 13 фактісінің жолын кесті, заңсыз айналымнан8 кг артық психотроптық зат және 786 литр химиялық қоспаалынды. Жүйкеге әсер ететін есірткі затын дайындайтын екі жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 11 адам ұсталып, қылмыстық жауаптылыққа тартылды.