11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
5,161
оқылды
Елімізде 11 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Шымкентте ертең түнде және таңертең қатты жаңбыр жаууы мүмкін, кей уақытта найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. 26-27 наурызда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жезқазғанда ертең көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз батыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.