Нұр-Сұлтанда тағы қалың қар жаууы мүмкін
Нұр-Сұлтанда тағы қалың қар жаууы мүмкін
5,247
оқылды
Нұр-Сұлтанда қалың қар жаууы мүмкін, – деп хабарлайды tengrinews.kz. "Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, 26-28 наурызда еліміздің барлық өңірінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде қатты жел соғады. Елдің солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын, ал оңтүстігінде найзағай мен бұршақ жауады. Сонымен қатар, синоптиктер температура көтеріледі деп болжады.
"Нұр-Сұлтанда алдағы үш күн, яғни, 26-28 наурыз аралығында қар жауады. 26 наурызда жел екпіні бәсеңдейді - секундына 3-8 метр, түнде ауа температурасы 10-12 градусқа дейін төмендейді, күндіз ол нөлге тең болады. 27 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады, ал оңтүстік-батыстан 9-14 метрге дейін жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус нөлден төмен, күндіз 0-2 градус жылы болады. 28 наурызда жауын-шашын, кейде тұман және көктайғақ болады. Батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, секундына 9-14 метрге дейін соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градусқа дейін төмендейді, күндіз нөл градус болады", – деді синоптиктер.