Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушылар мектепке барып оқиды. 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында оқушылар санын 25-тен асырмай мектепте оқуға рұқсат беріледі.
«2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:
– республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға; білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:
жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан бастап 7-сыныпты қоса алғанда, мектепалды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
оқу бітіретін сыныптар ( 9, 11 (12) сыныптар ) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат берілмек;
Биыл мектептерде IV тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.