Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153 шақырымында, атап айтқанда, «ЭКО ОЙЛ» ЖҚБ мен (М-32 және А-26) жол айрығы аралығындағы учаскеде.
2.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырымында, атап айтқанда, Қарабұтақ ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде. Автокөліктің барлық түрлері үшін.
3.«Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257 шақырымында, атап айтқанда, Қандыағаш және Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде.
4.«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 100-180 шақырымында, атап айтқанда, Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде (учаске реконструкцияланып жатыр, «Юнисерв» ЖШС).
Қостанай облысында, жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 234-368 шақырымында, атап айтқанда, Ақтөбе облысының шекарасы мен Денисовка ауылының аралығындағы учаскеде жол жабық.