ҰБТ тапсыру процесін жасанды интеллект бақылайды
ҰБТ тапсыру процесін жасанды интеллект бақылайды
Фото: интернеттен алынды
417
оқылды
Биылдан бастап ҰБТ тапсыру процесін жасанды интеллект бақылайды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Оның айтуынша, бұл жүйе тестілеу кезінде смартфондарды, шпаргалкаларды пайдалану және тест кітапшаларын ауыстыру секілді фактілерді автоматты режимде анықтай алады. Бір сөзбен айтқанда, бақылаушылардың функцияларын жүзеге асырады.
«Біз аталмыш жүйені осы жылы енгізуді жоспарлап отырмыз. Міндетті түрде БАҚ өкілдерін шақырамыз, сонда жасанды интеллект бақылап тұрған уақытта көшірудің мүмкін не мүмкін емес екенін өздеріңіз байқап көресіздер», – деді тестілеу орталығының басшысы.