ІV тоқсанда қай сынып оқушылары мектепке барып оқитыны белгілі болды
ІV тоқсанда қай сынып оқушылары мектепке барып оқитыны белгілі болды
5,178
оқылды
300 оқушысы бар мектептер ІV тоқсанда жұмысын дәстүрлі форматта жалғастырады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.
"ІІІ тоқсанда қазақстандық мектептерде 2 300 000 (66%) оқушы оқуды дәстүрлі немесе аралас форматта аяқтады. 1 100 000 (34%) оқушы қашықтан оқыды. ІV тоқсанды бастауға қатысты мәселе Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, кеше – 25 наурызда еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы қабылданды. ІV тоқсанда оқыту форматы өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушы мектепте аралас форматта оқуға көшеді», - дейді  білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, - деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 300 оқушысы бар мектептер жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады.
«ІV тоқсан форматына ауысқан кезде 1 оқушы – 1 кабинет принципі сақталып, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Бұл мәселе қаулыда қарастырылған. Әр пән әдеттегідей 40 минуттан болады. Оқушылардың білім сапасындағы олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс та жалғасады. Науқастанып қалған немесе науқастармен байланыста болған кейбір ерекше жағдайда ата-ананың өтініші негізінде бала қашықтан оқу форматында қала алады», - дейді ол.