Биыл 1-сыныпқа құжат электронды түрде қабылданады
Биыл 1-сыныпқа құжат электронды түрде қабылданады
173
оқылды
Биыл 1-сыныпқа құжат электронды түрде қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
«1 сәуірден бастап барлық қазақстандық мектепте келесі оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Баласын бірінші сыныпқа беруді жоспарлаған ата-аналар құжаттарын өткізе беруіне болады. Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр», - деді ол.
Оның айтуынша, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады. 1-сыныпқа қабылдауға мынадай құжаттар талап етіледі: 
  • Ата-ананың өтініші
  • Оқушының жеке басының куәлігі
  • Медициналық паспорты
  • Фотосурет