Қарағандыда бір топ адам қомақты қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды
Қарағандыда бір топ адам қомақты қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды
5,144
оқылды
Қарағандыда қылмыстық топтың мүшелері қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ үш жыл ішінде 4 млрд. теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз  айналдырған. Заңсыз схемаға бақылаудағы 6 жалған компания тартылған. Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам  залал келтірілді. Тінту кезінде 6 млн.-нан астам теңге, банк карталары («Forte Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Каспий Банк» АҚ, «RBK Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ), бухгалтерлік құжаттар және компаниялар мөрлері табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ құру және жалған шот-фактураларды заңсыз ресімдеу фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.