Он облыс су астында қалуы мүмкін
Он облыс су астында қалуы мүмкін
169
оқылды

Қазақстанда жергілікті әкімдіктер мен төтенше жағдай жауынгерлері он облыста табиғи дүлей күшпен алысуда. ТЖМ дерегінше, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының 276 қаласы мен ауылын су басып қалу қаупі төнді. Ол жерлерде 270 мыңнан астам адам өмір сүруде.

Биыл ел қарға бөкті: «Қаз­­гидромет» мәліметінше, ылғал қорының көлемі Ақмола облы­­­­сындағы Шағалалы өзенінде нормадан 105%-ға, Солтүстік Қа­­­­­зақстан облысындағы Есіл өзені бассейнінде – 98%-ға, Ақ­төбе облысындағы Елек өзені бассейнінде 97%-ға көп болып тұр. Яғни, олардың суы әне-міне ернеуінен тасып-төгіліп, айнала­­­­­­­­дағы ауылдарды қызыл суға қарық етуі ықтимал. Бұдан бөлек, Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде биыл су – 37%-ға, Сарысу өзенінде – 31%-ға, Қостанай облысындағы Тоғызақ өзенінде – 20%-ға, Аят өзенінде – 18%-ға, БҚО-дағы Утва өзенінде – 12%-ға, Қостанай облысындағы Тобыл өзенінде, Ақмола облысындағы Сілеті өзені бассейндерінде 8%-ға жоғары. Әйткенмен, биыл жердің тоңы қалың, демек баяу еруі мүмкін. Мысалы, топырақтың қату тереңдігі Батыс Қазақстанда былтырға қарағанда 53 см-ге, СҚО-да 70 см-ге, Қарағанды облысында 32-ден 66 см-ге, Ақмола облысында 23-тен 84 см-ге, Қостанай облысында 19-дан 97 см-ге, Ақтөбе облысында 74-тен 92 см-ге терең болып отыр. Қар еру процесі жүруде. Су тасқынымен күресу үшін материалдық ресурстар 3,3 мың тоннадан астам жанар-жа­ғармай, 228,4 мың тонна инертті материал, 912 мың дана құм салынған қап дайындалды. Елді мекендерде 964 рейд жүргізілді. Әкімдіктер 21,6 млн текше метр қар шығарды. Елді ме­кендерден қар шығару жұмысы жалғасуда. Жеке құ­­­­­­рам­­­нан жалпы саны 10 мыңнан астам адам және 1,8 мыңнан астам бір­­­лік техника бар күштер мен құ­ралдар тобы жасақталды.

Елдос СЕНБАЙ