Параға 30 қой алған шенеунік ұсталды
Параға 30 қой алған шенеунік ұсталды
5,178
оқылды

Параның да түр-түрі бо­­ла­­ды. Мәселен, қоймен есеп­­­тесу мысалын түр­кіс­­тан­дық шенеуніктен көрдік. Түркістан облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім бастығы пара ретінде 30 қой алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

Данияр Биғайдаровтың ай­­туынша, 25 наурызда Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық соты Түркістан облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы жо­балар мен объектілердің сме­­талық есебін дайындау және сәулет бөлімі басшысы Ш.Қожам­­­­­сүгіровке алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте қыз­мет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15,6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу үкімін шығарды. «Ол Шымкент қаласында Ташкент тасжолы бойында ор­наласқан жер учаскесіне мем­лекеттік актіні алуға көмек көр­­сеткені үшін жалпы сомасы 1,2 миллион теңге болатын 30 қой және 11 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды деген күдіке ілінген» деп түсіндірді Биғайдаров.

Айша ЕРСҰЛТАН