Шаңғышы Анна Шевченко жеңіске жетті
Шаңғышы Анна Шевченко жеңіске жетті
169
оқылды

Шаңғы жарысынан әйелдер және ерлер арасындағы Қазақ­стан кубогінің жеңімпаз­дары анықталды.

Щучинскте шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі өтіп жатыр. 26 наурыз күні әйелдер және ерлер ара­сындағы жекелей сындар аяқталды.  Жарыс қорытындысы  бойынша, Анна Шевченко Қазақстан кубогін жеңіп алды. Валерия Тюленова екінші орын алса,  Ксения Шалыгина үздік үштікке кірді. Ал ерлер арасында Виталий Пухкало шашасына шаң жұқтыр­мады. Евгений Величко мен Олжас Климан екінші-үшінші орынды өзара бөлісті. Шаңғышылар клас­сикалық жүріспен 15 км қашықтықты бағындырды.

Айбике ЖАНАСЫЛ