19 жаста қыршын кетті
19 жаста қыршын кетті
353
оқылды

Алматы қаласында 20 нау­рызға қараған түні аса қатыгездікпен өлтірілген 19 жас­тағы Аяжан Еділоваға қатысты жантүршігерлік оқи­ғаның жай-жапсары анықталды. Күдікті ретінде тұт­қындалған Түркістан об­лысының 28 жастағы тұр­ғыны қылмысын толығымен мойнына алды.

«Аяжан жұмыстан 19 наурыз күні 20.48 сағатта шықты. Оны жатақхана жанында бір жігіт күтіп тұрды. 23.00 сағатта әлгі жігіт Аяжанға қоңырау шалғанда, қыздың телефонында: «Шығып келемін» деген соңғы жазбасы қалған. Осыдан кейін Аяжанмен байланыс мүлдем үзілген. 20 наурыз күні сағат 12.00-де туыстары Аяжанды іздеп, полицияға арыз түсірді. Оны іздеуге достары, еріктілер де қосылды, такси қызметіне сұрау жолданады», – деді «Не молчи KZ» қорының жетекшісі Дина Смаилова. 21 наурыз күні еріктілер іздестірудегі қызды Алатау ауданының  Нұркент м/а-ғы мекенжайға апарған  InDriver таксисін анықтады. Көлік жүр­гізушісі таксиге Руслан есімді біреудің тапсырыс бергенін айтқан. «Бұл үйді полицияға хабар­ладық, одан әрі қызды або­ненттік нөмірдің базалық стан­сасы бойынша іздестірдік. Атал­ған мекенжайға 23.00 сағатта келіп жеткенімізде, ол жерде полиция жүрді» деп «Не молчи KZ» жетекшісі ақпаратты то­лықтыра түсті. Бірақ құқық қорғау қызметкерлері Аяжанның туыстарына да, еріктілерге де болған оқиға туралы жақ аш­паған. 21 наурыз күні кешке қыз­дың ағасы Алмат Мүликов Instagramның ақпараттар желісінен Аяжанның өлі денесі табылғаны туралы хабарды кездейсоқ көріп қалған. Қатты күйіндіретіні – марқұмның туыстарының бәрі (әжесі, апасы, әке-шешесі, т.б) қыздарының өлімі туралы ақпаратты ең бірін­ші полициядан емес, жаңалықтар желісінен естігені. «Бұл оқиға басынан аяғына дейін жан түршіктіреді. Марқұм­ның туыстары адамның өзегін өртейтін қайғымен бетпе-бет келді, олардың бойындағы үрей мен күйінішті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,– деді Дина Смаилова. –Аяжан аса қаты­гездікпен өлтіріліп қана қоймай, оның денесі айуандықпен бөл­шектенген. Маньяк бір тәуліктің ішінде мүрдені «кәсіби» шебер­лікпен түгелдей жіліктеп тас­таған»... Аяжан «Сымбат» дизайн және сән академиясының төр­тінші курсында оқыған. Қыздың авторлық коллекциясы мен өз бұйымдарын сататын интернет-дүкені болған. Сондай-ақ сән салонында жұмыс істеген екен. Марқұмның туыстары оның жігітпен танысу үшін емес, жұмыс бойынша кездесуі мүмкін деп санайды. Өйткені қыздың қарым-қатынас жасап жүрген жігіті болыпты. Сондай-ақ олар қылмыскер психикалық науқас ретінде жауапкершіліктен құты­лып кете ме деп те қорқады. Мұн­дай қылмыскер өлім жаза­сына кесілуі тиіс деп санайды марқұмның туыстары. Бұл оқиға туралы Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов мынадай мәлімдеме жасады: «20 наурызда 16.06 сағатта 102 пультіне қыздың жоғалғаны туралы хабар түсті. Бұл факт Медеу ауданының ПБ-ның сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізілімінде тіркелді. Келесі күні жедел тергеу тобы құрылып, Ая­жанды іздеуге кірісті. 21 нау­рызда сағат 22.00-де күдіктінің мекенжайы анықталды. Құқық қорғау органының қызмет­керлері есікті бұзып кіргенде, күдікті оларды көре сала, өзіне қол салып, тамағын пышақпен орып жіберген. Бірақ өлмей тірі қалды. Оны бірден  № 7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, ота жасалды. Күдіктіге қамауда ұс­тау бұлтартпас шарасы  қол­данылды», – деді Рустам Абдрах­манов. Полиция департаменті бас­шысы орынбасарының айтуын­ша, қыз бала күдіктімен 16 нау­рыз күні Танысу қосымшасы бо­йынша хат жазысқан. Олар 19 наурыз күні Алатау ауданының  Нұркент м/а-да күдіктінің пә­те­рін­де кездескен. Қылмыс үй ішін­де жасалған. Күдіктінің айтуынша, Аяжан екеуінің арасында жанжал шы­ғып, ашудан көзі тұманданған ол қызды өлтіріп, артынша қыл­мыс­тық істің ізін жасыру үшін оның денесін бөлшектеп тас­таған. Полиция келгенше күдікті мүрденің бір бөлігін Бостандық ауданындағы қоқыс жәшіктеріне апарып үлгерген. Ол бөлшектер де табылды. Осы факт бойынша қосымша сот-медициналық сарап­тама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу ісі ҚР ҚК 99-ба­бының 2-бөлімі бойынша( кісі өл­тіру) қозғалды. Қылмыс жа­сал­ған пәтердің есігіне сүргі со­ғылды. Қажетті сараптама­лардың бәрі жасалынуда. Сондай-ақ күдіктінің марқұммен жыныстық қатынасқа түскен-түспегенін анықтау үшін сарап­тама тағайындалды. Қылмыстық іске қатысты барлық жорамалдар мен нұсқалар егжей-тегжейлі тексеріледі. Бұл іспен қосалқы түрде прокуратура да айна­лысатын болады.

Дәулет АСАУОВ