Жамбылда IV тоқсанды 229 мектеп дәстүрлі түрде оқиды
Жамбылда IV тоқсанды 229 мектеп дәстүрлі түрде оқиды
179
оқылды

Өңір жасыл аймақта болғандықтан төртінші тоқсанда оқу үрдісі дәстүрлі және аралас форматта ұйымдастырылмақ.  Облыста  442 мектеп бар десек, онда  238 682 оқушы білім алуда. Бұған дейін ІІІ тоқсанда оқушылардың 51 пайызы  дәстүрлі форматқа көшсе, 49 пайызы қашықтан оқыған.

Оқушылар үшін пандемия жағдайында бірыңғай мектеп формасын кию талап етілмейді. Ал оқу пәндерінің 70 пайызы  дәстүрлі форматта, қалған 30 пайызы қашықтан оқытылады. – Сыныпта балалар саны 25-тен және сабақ уақыты 40 минуттан аспайды. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады.  Сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Кабинеттер арасында жүру, мұғалімдер бөлмесіне бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі,– дейді Г.Ходжабергенова.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы