Павлодар облысындағы Ленин – Ертіс автожолының 19 шақырымында ауа райының қолайсыздығы салдарынан 10 автокөлік (3 ауыр жүк көлігі, 7 жеңіл көлік) соқтығысып қалды.
Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан 3 адам жарақат алып, Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілген.
Ал, pavlodarnews.kz порталының дерегі бойынша, жол апатынан барлығы алты адам зардап шеккен, олардың біреуі – бес жасар бала.
Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақаттары, бас миының шайқалуы, түрлі сынықтар мен денесі көгергені бар төрт ересек адам жеткізілді. Сондай-ақ жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы анықталған бала әжесімен бірге облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.