Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың табылғанын хабарлады.
Министрлік оқиғаның мән-жайын толығырақ кейін хабарламақ.
Осыған дейін Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбазға іздеу жарияланған болатын. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеген.
Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен кетіп қалған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі тиіс.