Қостанай облысында 5 сәуірден бастап жаңа қаулы күшіне енеді
Қостанай облысында 5 сәуірден бастап жаңа қаулы күшіне енеді
158
оқылды
Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев өңірде карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 04.02.2021 жылғы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID -19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қаулы шығарылды. «1. «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қостанай облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін 1-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанындағы рұқсат: - Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;      - сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін қалған жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта оқыту; - білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылардың сабақтан тыс уақытта жеке оқытылуы» делінген қаулыда.
Сондай-ақ, 1-тармақтың 37-1) тармақшасы көрермендер залын 20%-ға дейін толтырумен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілсін деп өзгертілсін делінген:
«Көрермендер залын 20%-ға дейін толтыра отырып, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат беру» керек. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы 2021 жылғы 5 сәуір сағат 00-00 бастап күшіне енеді» делінген қаулыда.