Елордада төрт мыңнан астам мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды
Елордада төрт мыңнан астам мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды
129
оқылды
Елордада наурыз айы «Қайырымды істер» ұранымен өтті, оның аясында еріктілер қаланың мұқтаж отбасыларына азық-түлік себеттерін тапсырды,– деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Олардың әрқайсысының салмағы – шамамен 25-27 килограмм, ішінде 20-ға жуық азық-түлік пен тұрмыстық химия өнімдері бар. Оның ішінде жарма, макарон, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық, қант, шай, ұн, түрлі тәттілер, балаларға арналған кәмпиттер, сондай-ақ кір жуғыш ұнтақ, сабын, сусабын бар. Биыл Наурыз мейрамын атап өту барысында қайырымдылық акциялары мен игі істер басты назарға алынды. Себеттерді тарату акциясы осы жылдың наурыз айында өткізілді. Оған мәслихат депутаттары, Halyk Bank, меценаттар, кәсіпкерлер, еріктілер, сондай-ақ қаланың тұрғындары белсене араласты.