Өнер иесі әріптесі Алтынай Жорабаеваның қызының ұзату тойына неге бармағанын айтты.
"Өнерін де, өзін де құрметтеймін": Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаева туралы айтты
106
оқылды

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әріптесі Алтынай Жорабаеваның қызының ұзату тойына неге бармағанын айтты. Ол тойға шақырылмаса да, ешкімге ренжімейтінін, керісінше өзін де, өнерін де құрметтейтінін жеткізді.

«Алтынай Жорабаева ең әуелі менің әріптесім және баламның қарындастарының анасы. Өзін де, өнерін де құрметтеймін. Тойға шақырту алмағаныма еш ренішім жоқ. Әркім өз қуанышына кімді шақыратынын өзі біледі, бұл – әр адамның жеке таңдауы. Мүмкін ішкі ойы, мүмкін маған деген өзіндік көзқарасы себеп болған шығар. Ол жағын білмедім. Көрген жерде сәлеміміз түзу, сыйластығымыз орнында. Тек жақсылық тілеймін! Екі өнер адамынан жау жасаудың қажеті жоқ. Бізді араластырып, жарыстырып, шоу жасауға тырыспаңыздар. Ондай деңгейден өтіп кеткенмін. Мен тек ізгілік пен бақыт тілеймін», - деді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.