Қоғамдық ұйымдар қоғам сөзін жеткізсе игі
Қоғамдық ұйымдар қоғам сөзін жеткізсе игі
300
оқылды

Ресми мәліметтерге қа­­расақ, қазір елімізде 22 мың­­нан астам ұйым тіркелген екен. Бір қызығы, ресми де­­рек соның 12 мыңдайы бел­­­сенді түрде жұмыс істеп жат­­қанын айтады.

Олардың бір бөлігі мемлекеттік тапсырыстар арқылы, қалғаны отандық меценаттардың және өз ішіндегі мүмкіндігі бар мүше­­ле­рінің көмегімен қаржы­­лан­ды­­рылады. Тек соңғы 16 жылда үкі­­­­меттік емес ұйымдарды мем­лекет есебінен қаржыландыру 11 мил­­­­лионнан 20 млрд теңгеге дейін өсіпті. Сайып келгенде, мұның өзі мемлекет үшін қоғамдық ұйымдар орны ерекше екенін аңғартқандай. Халық қоғамдасып ғұмыр ке­шу арқылы жоғары дәрежедегі өмір деңгейіне жеткені белгілі. Сол себепті қоғамның әрбір мү­­ше­­­­­сінің сол ортада алар өз орны болуы қажет. Оның әрбір мүшесі белгілі бір ұйымның, қоғамның, мемле­­­кеттің, кең көлемде алғанда әлемдік қауымдастықтың дамуы­на әсер етері сөзсіз. Еліміздің Ата Заңында мемлекеттің ең басты байлығы адам екені тайға таңба басқандай көр­сетілген. Бұл тұста қоғамдық ұйымдардың алар орны ерекше. 2020 жылы Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген тақы­­­рып­­­пен халық­қа Жолдауы жария­ланды. Жол­­­дауда мемлекетіміз­­­дің одан әрі дамуына қатысты экономика, бі­лім беру, денсаулық сақтау, адам құқығын қорғау сияқ­ты бірнеше басты салалар ерекше аталып, алда атқарылар жобалар мен жос­парлар белгі­­­­ленді. Оның ая­сын­да қоғамдық ұйымдар мәселесі тыс қалмады. Бір сөзбен айтқанда, аталған ұйым­дар бұқараның түрлі ұста­­­ным сөзін жеткізуші іспетті қыз­мет атқарады. Сондықтан одан әркім ұзап кете алмасы анық. Көбіне құнды пікір мен ұсы­ныстар шенеуніктер тара­пынан ғана емес, қоғам тарапынан да шығады. Бірақ оны ескеріп, жан-жақты саралап іске асыру бөлек мәселе. Дәл осы тұста қо­ғамдық ұйымдар халықтың белгілі бір тобының мүддесін қорғап, ал­дына қойған әлеуметтік немесе басқа да мақсатқа жету үшін нә­тижелі қыз­­­мет атқарады. Ал осы ұйымдар еліміздің дамуына қан­шалықты үлес қосып жатыр, қандай нақты іспен айналысып, нендей жетіс­тіктерге жетіп жат­қаны өзге әңгі­менің тиегін ағытпақ.

М. ХАҚНАЗАР