Қауіпті банан
Қауіпті банан
353
оқылды
«80 тоннадан астам ресейлік қауіпті бананды Қазақстанға жет­кізуге тырысқан». Осындай ақ­паратты көзіміз шалып қалды. Банан­ды қайдан жеткізуге тырысқан? Олар неге қа­уіпті?  Мәліметтерге сүйенсек,  тауар Ресейге қайтарылған. Ал оған кінәлілер әкімшілік жазаға тартылады. «Олар 81 тонна ба­нанды, 37 тоннадан астам картопты, фито­сани­тарлық сертификаты жоқ 20 тонна сәбізді және 3 тонна бидай тұқымын көрші елден таңбалаусыз әкелуге тырысқан», – дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі. Карантинге байланысты заңнама талаптарына сәйкес, аталған өнімдерді ел аумағына әкелуге тыйым салынған. Тауар Ресейге қайтарылды. Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылып, жазасын алады. Ведомствоның хабарлауынша, 2020 жылдың алғашқы аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инс­пекторлары Ресейден жоғары фитосани­тар­лық қауіпке ие өнімдерді заңсыз әкелуге тырысқан топты анықтап, тоқтау жасады. Бұл белгілі болғаны ғана. Мұндай анық­талмаған, заңсыз әрекеттер өзге өңір­лерде де жасалып жатпасына кім кепіл бола алады?!   С.СЕЛЕУБАЙ