Алматыда садақ атудан жабық ғимараттағы ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды.
Жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль олжалаған Шымкент қаласының спортшылары жеңіске жетті. 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медальмен Алматы облысының командасы екінші орын алды. 2 алтын, 1 қола медальмен Алматы қаласы үшінші сатыға тұрақтады. Төртінші орынға 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жеңіп алған Батыс Қазақстан облысы жайғасты. Командалық есептегі үздік бестікті бір алтын медальмен Түркістан облысы қорытындылады. Ерлер арасындағы классикалық садақ ату, командалық сында И. Абдуллин, С.Мұсаев, С.Дүзелбаев бастаған Алматы облысының жігіттері жеңіске жетті. Одан кейін Алматы құрамасындағы Д. Дәулетханұлы, С. Кичкин, В. Кривашин үздік деп танылды. Батыс Қазақстаннан келген М.Қуанышқалиев, Ә. Мұстафин, С. Нұғман үштікке кірді. Ал әйелдер арасындағы классикалық садақ ату, командалық сын батысқазақстандық А.Баннова, А.Ілиясова, Т.Құсайын топ бастады. А.Воропаева, А.Полякова, А.Туркина сияқты спортшылары бар Шымкент құрамасы екінші сатыдан көрінді. Алматы облысының намысын қорғаған Е.Авдеева, А.Землянова, Ф.Түкебаева үшінші орынды иемденді. Ерлер арасындағы классикалық садақ ату, жекелей сынға келсек, алтын Сұлтан Дүзелбаевқа (Алматы облысы) бұйырды. Санжар Мұсаев (Алматы облысы) 2-орын алса, Ильфат Абдуллин (Алматы облысы) 3-орынға иелік етті. Әйелдер арасында классикалық садақ ату, жекелей сында Александра Воропаева (Шымкент) топ жарды. Алина Ілиясова (БҚО) мен Анастасия Баннова (БҚО) 2-3 орынды өзара бөлісті.А.АЙДАРҚЫЗЫ