Күдікті қазіргі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында небәрі екі жыл оқыған. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Бұрынғы студенттерінің аты бұлайша шығуы қырық жылдық тарихы бар оқу орнының ұжымына да оңай соқпаған. Факультет деканы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, Рахманберді Төребеков аталған оқу орнына 2012 жылы грантқа оқуға түскен. Фармацевтика мамандығы бойынша оқып жүрген студент, тек екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Фармация факультетінің деканы Қанат Дәуренбеков: «Оқудан шығарылған себебі, сабаққа дұрыс қатыспаған. Пәндер бойынша сабақтарға жіберілмеген, емтихандық сессияға және өзінің жауапсыздығынан осындай жағдайға келген. Ал енді мінезіне келетін болсақ, өте салмақты. Мынау өзінің әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен немесе оқытушылармен жанжалдасқан кезі болған емес»,– дейді.
28 жастағы күдікті Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылының тумасы. Ол сондағы жалпы орта мектепті 2010 жылы «Алтын белгімен» бітрген.
КүдіктіРахманберді Төребековтің ата-анасы мұғалім болған. Жаушықұм ауылы әкімінің айтуынша, ерлі-зайыптылар қазір зейнетте. Екі жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға қоныс аударыпты. Олардың үш перзенті бар.