Қазақстан жолдарында 20-дан астам температура мен ылғал мөлшерін өлшейтін құрылғы орнатылады
Қазақстан жолдарында 20-дан астам температура мен ылғал мөлшерін өлшейтін құрылғы орнатылады
139
оқылды
Биыл ел жолдарында 22 датчик орнатылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Индустррия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram каналында. Былтыр Қазақстан жолдарында, атап айтқанда, «Шу айналма жолы», «Омбы-Майқапшағай» және «Ақтөбе-Атырау» автомобиль жолдарының учаскелерінде алғаш рет температура мен ылғалдылықты бақылау жүйесі орнатылған болатын. 2021 жылы Қазақстанның бірқатар өңірінде температура мен ылғалдылық датчиктерінің 22 жиынтығын орнату жоспарлануда. Осылайша, өлшеу кешендері Қазалы, Ақтау, Орал, Петропавл, Балқаш, Тараз, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Үшарал, Жезқазған, Қордай және Күйік өткелдері, Зайсан, Талдықорған және Өскемен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан, Атырау маңында орнатылмақ. Датчиктер жол құрылымдары су-жылу режимі параметрлерін автоматтандырылған жинақтауды жүзеге асырады. Содан кейін алынған мәліметтер бақылау орталығына беріледі. Зерттеулер ғалымдарға елдің әртүрлі аймақтарында климат пен жүктемені ескере отырып салу, қайта құру және жөндеу технологиясын түзетуге мүмкіндік береді.