Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
139
оқылды

Бүгін Ақмола облысында тұман түседі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысында жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында ертеңге дейін қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, тауға шығу қауіпті.