Өзбекстанда тойға шақыру билетіне «Сау болсаңыз ғана келіңіз» деп жазатын болды. Мұндай шешімді республикалық комиссия қабылдаған, – деп жазады 24.kz.
Отбасылық мейрамдар, той және жерлеу рәсімдерін өткізгенде 100 адамнан артық жиналуға болмайды.
Ал театр, концерт тамашалауға барғанда көрермен міндетті түрде бетперде тағуы тиіс. Келген көрермендердің саны да 50 проценттен аспауы керек. Билеттерге «Сау болсаңыз ғана келіңіз» деп жазу міндеттеледі.
Өзбекстанда эпидемиологиялық ахуал ушығып барады. Бүгінде 82 мың 869 адам коронавирусқа шалдығып, 600-ден астамы қайтыс болды.