19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірген күдіктінің полицияға берген түсініктемесінде айтқан алғашқы сөздері белгілі болды
19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірген күдіктінің полицияға берген түсініктемесінде айтқан алғашқы сөздері белгілі болды
118
оқылды

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы аса қатыгездікпен өлтірген күдіктінің полицияға берген түсініктемесінде айтқан алғашқы сөздері белгілі болды, - деп хабарлады caravan.kz.

Басылым тілшісінің сұрақтарына Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары, подполковник Рустам Әбдірахманов жауап берген. Оның айтуынша, күдікті жасаған қылмысын мойындаған. Жастар әлеуметтік желіде танысқан. Кейін жігіт қызды алдап, үйіне шақырған. Жұмысына такси жіберіп, үйіне алдыртқан. Аяжан Еділованы өзі шығып қарсы алып, жүргізушіге жолақысын картамен төлеген.
"Күдіктінің айтуынша, олар ұрысып қалған. Ұрыс кезінде ол  қызды белдікпен қылқындырып өлтірген.  Оқиға үйдің кіреберісінде болған. Полицияға ұсталып қалудан қатты қорқып, бір жарым-екі сағат мәйіттен қалай құтылуды ойлаған. Сосын интернетке кіріп, "Мәйіттен қалай құтылуға болады?" деп іздеп көрген. Ас пышағын алып, залда еденде жатқан қыздың мәйітін мүшелеп тастаған", - деді ол.

Полиция департаменті өкілінің айтуынша, 27 жастағы күдіктінің алғашқы сөздерінің бірі "Мен оны жеген жоқпын".

Бұған дейін күдіктінің 19 жастағы бойжеткенді қалай өлтіргенін жазған болатынбыз.