Қазіргі жағдайымызды өте күрделі деп айтуға болады - Тоқаев
Қазіргі жағдайымызды өте күрделі деп айтуға болады - Тоқаев
178
оқылды
Мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтті. Президенттің кеңесте айтқан сөздерін Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Президенттің айтуынша, азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бұл, әрине, жағдайды одан бетер ушықтыруда.
"Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр", - деді Тоқаев кеңесте.