Тоқаев елімізде карантиндік шектеулер қашан алынуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев елімізде карантиндік шектеулер қашан алынуы мүмкін екенін айтты
163
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты вакцинациялау арқылы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жақсарса, мамыр айында карантиндік шектеулер алынуы мүмкін екенін айтты. 
"Үкімет бірінші кезекте жаппай вакцинациялау жолымен сәуір айында коронавирусқа қатысты  жағдайды жақсарта алса, мамырдан бастап шағын және орта бизнес субъектілерінің, оның ішінде қызмет көрсету саласы өкілдерінің жұмысына қойылған шектеулер кезең-кезеңімен алына бастайды", - деді Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.
Бұған дейін Президенттің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Үкімет мүшелеріне қатысты ескерту жасағанын хабарлаған болатынбыз.