Қазақстанның бір облысы толық карантинге жабылды
Қазақстанның бір облысы толық карантинге жабылды
5,169
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың өршуіне байланысты өңір толығымен карантинге жабылды. Сонымен қатар мұнда  карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды.

Бұл туралы ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиевтің жаңа қаулысында жазылған.
"Растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын. Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін", - делінген қаулыда.
Мына адамдардың облысқа кіріп-шығуына рұқсат берілген:
  • халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтердің қызметкерлері;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;
  • карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар; транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
  • Тұрақты тұрғылықты жеріне оралған адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);
  • вахталық қызметкерлерді және басқа да санаттағы адамдарды тасымалдайтын машиналар. Олардың толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.