2 сәуірге арналған ауа райы болжамы
2 сәуірге арналған ауа райы болжамы
5,163
оқылды

Тек қана оңтүстік-шығыс, батыс және солтүстікте қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қостанай, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с, Қостанай облысында екпіні 25 м/с жетеді. Маңғыстау облысында жел 17-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады. Ақмола облысында тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Атырау, күндіз Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Ақтөбе облысында тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қарағанды облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.